LBRY Block Explorer

LBRY Claims • қырға-барсам,-herga-barsam,-2

83df91d0db315dea53502cd7e6669b522f0629be

Published By
Created On
6 Oct 2023 18:38:17 UTC
Transaction ID
Cost
Safe for Work
Free
Yes
Қырға барсам, Herga barsam, ❤قىرعا بارسام. Орындаған: Думан Бейбітханұлы, Қытай Қазақтары.
Төр Алтай төсінде наурыз ҚХР, Шынжаң, Алтай аймағы, Алтай Қаласы.
Қырға барсам
------------------------
http://www.qamshy.kz/article/nurbaqit-qozhauli-qirgha-barsam

ҚЫРҒА БАРСАМ.
------------------------
Сөзі: Бәйтік Дүйсебай ұлынікі.
Әні: Нұрбақыт Қожа ұлынікі.
Орындаған: Думан Бейбітхан ұлы.

Даңғаза қаладан да қалжырадым,
Аңсадым әсем үнін домбыраның.
Кетер ме ем жүрісті атпен жолға шығып,
Қазақтың шырқай шырқай халық әнін.
Па, шіркін!

Мен өрлеп қыран құлдап тасып жатса,
Өркеші өткел бермей басым қатса.
Мойынынан су сорғалап қайың терек,
Сәскеде жауған жаңбыр ақырласса.
Па, шіркін!

Сол сәтте кемпір қосақ доға тартса,
Бір ұшын доғасының маған артса.
Беткейден суырлары аңқиттаса,
Шақырса көкек қонып оба тасқа.
Па, шіркін!

Орындап оркестрін орман тұрса,
Көңілім балқып кетсе қорғасынша.
Жем іліп ұясына бүркіт тартса,
Жанымда жаңаша бір арман туса.
Па, шіркін!

Маңында мың бүктеліп дала жатса,
Құрдасың құс салдырып аң аулатса.
Сапырып сары қымызын замандасым,
Ауылды дүрліктірсек таң атқанша.
Па, шіркін!

Тамылжып таң атпай түн тұра тұрса,
Іргеден қауашақтан гүл ашылса.
Шабытым шарықтаса жыр оқылса,
Қасымда термеші бір қыз отырса.
Па, шіркін!

Жалықтым қала дейтін тұғырымнан,
Сәлемі де сатулы тұрғынынан.
Жылына қырға барып бір келмесем,
Менде өзгеріп кетермін бұрынғымнан.
Па, шіркін!

Даңғаза қаладан да қалжырадым,
Аңсадым әсем үнін домбыраның.
Кетер ме ем жүрісті атпен жолға шығып,
Қазақтың шырқай шырқай халық әнін.
Па, шіркін!
...
https://www.youtube.com/watch?v=WEHge1HUYFk
Author
Content Type
Unspecified
video/mp4
Language
Open in LBRY

More from the publisher

Controlling
VIDEO
Ха
Controlling
VIDEO
حا
Controlling
VIDEO
Ау
Controlling
VIDEO
ҚА
Controlling
VIDEO
Ор
Controlling
VIDEO
BESIR
Controlling
VIDEO
Шы
Controlling
VIDEO
Сы
Controlling
VIDEO
За