LBRY Block Explorer

LBRY Claims • қаракөз-коллекциясы

8809bb148e5ddd7cb0c364ed00174fb88d59e45e

Published By
Created On
5 Oct 2023 23:56:50 UTC
Transaction ID
Cost
Safe for Work
Free
Yes
"Қаракөз коллекциясы" - Erke-nur сән театры, Фарида Мерхамит қызы / Қытай Қазақтары
«Ерке-Нұр» кәсіпорны 1997 жылы шаңырақ көтерген. Негізгі бағыты ұлттық киім және ұлттық киім үлгілерінің негізінде өркениет талғамына сай қазіргі заманғы киім тігеді. Қазақстан жеңіл өнеркәсібінде өзінің ерекше бағыт-бағдарымен таныла бастаған «Ерке-Нұр» компаниясы қазақ халқының салт-дәстүрі мен қолөнер шеберлерінің ежелгі әдісін сақтай отырып ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған жаңа стильдегі жоғары сапалы киім, әртүрлі арнайы жұмыс киімдері мен сувенирлер шығарады.
«Ерке-Нұр» компаниясының осындай табыстары үкімет жағынан жоғары бағаланып, бірсыпыра марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың Республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай арнайы алғыс хатына, 2002 жылы Алматы қаласы әкімінің «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін» дипломына, 2005 жылы III дәрежелі, 2006 жылы II дәрежелі «Өнімнің жоғары сапасы үшін» дипломына ие болды. 2006 жылдан бастап «Ерке-Нұр» компаниясы Алматы қаласы білім департаментінің ұйғарымымен арнайы мектеп киімін тігетін алты кәсіпорынның бірі ретінде бекітілді. Сондай-ақ, биылғы жылы кәсіпорын президенті Ф. Мерхамитқызы «Ата заңның 10 жылдығы» Құрмет медалімен марапатталған. 2007 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы кәсіпкерлерінің арасында «Ең үздік кәсіпкер әйел» атағына және «Жыл таңдауы» байқауының қорытындысы бойынша «Ең үздік сән орталығы» марапатына ие болды.
Кәсіпорын жанында 2004 жылдан бері «Ерке-Нұр» сән театры жұмыс істеуде. Қазақтың ұлттық киімдері мен ұлттық киімдердің негізінде дүниеге келген бірнеше таңғажайып коллекциялары бар театр ұжымы және Қытай, Түркия, Германия, Швеция, Ресейде өткен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Сондай-ақ, ел тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай Германия, Бельгия, Голландия, Америка елдерін аралап, қазақтың киім үлгілерін көрсетіп, үлкен құрметке ие болып қайтты.
Қазақстан халықтары Ассамблеямен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан «Ерке-Нұр» 2004 жылы 5-ші желтоқсанда Ассамблеямен бірлесіп Республика сарайында қазақ халқының және Қазақстан халықтарының ұлттық киім үлгілерінен алғаш рет қойылым жасап, көрермендер назарына ұсынды. Дүниежүзі Қазақтарының III Құрылтайы кезінде Елбасының иығына жабылған көк шапан да «Ерке-Нұрдың» әйгілі өнімдерінің бірі болатын.
2007 жылдан бастап қыз-келіншектерге арналған «Ерке-Нұр» деп аталатын республикалық әдби-танымдық сән журналы шығып келеді.


Мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, №5 ықшамауданы, 45А үй.
Тел.: +7 727 2 78 86 69,Тел.факс: +7 727 2 78 86 08
E-mail: erke-nur@mail.ru
www.erke-nur.kz
...
https://www.youtube.com/watch?v=DHAIW1_xeXM
Author
Content Type
Unspecified
video/mp4
Language
Open in LBRY

More from the publisher

Controlling
VIDEO
Қа
Controlling
VIDEO
Ка
Controlling
VIDEO
БА
Controlling
VIDEO
Кө
Controlling
VIDEO
Жа
Controlling
VIDEO
Мө
Controlling
VIDEO
Ақ
Controlling
VIDEO
ما
Controlling
VIDEO
Өм